Басты бет / Филология / Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы / Сейсенбиева Элеонора Сарсеналиевна
Сейсенбиева Элеонора Сарсеналиевна
Лауазымы: ассистент-профессор
Сейсенбиева Элеонора Сәрсенәліқызы 1975 жылдың 13 желтоқсанында Жамбыл облысы, Мойынқұм
ауданы, Қылышбай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы орта мектепті аяқтап, 1993 жылы
Шығыстану мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып,
(1993-1998), мемлекеттік емтихан комиссиясының 1998 жылғы 25 маусымдағы шешімі бойынша
шығыстанушы-филолог біліктілігі берілді (ЖБ-І № 0139337), ал 2011 жылы Шетел филологиясы
білім беру бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып,
(2011-2013), «Араб әдеби сюжеттерінің қазақ кітаби ақындар шығармаларындағы көрінісі» атты
магистрлік диссертациясын қорғап, мемлекеттік аттестаттау комиссиясының 2013 жылғы 06 маусым
шешімімен (№5 хаттама) гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесі берілді (ЖООК-М №0037757).
Мамандығы: «Шетел филологиясы» магистратура, 2018-2021 Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университеті, 6D020500-Филология мамандығы бойынша докторантура, 2023 жылдың 22 ақпан күні
«ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүр» тақырыбында қорғап, 15.03.2023
жылдың №124 бұйрық негізінде философия PhD дәрежесі берілді. 2022-2023 жж. Қазақ ұлттық
қыздар педагогикалық университетінің қайта даярлау курсын «Қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығы бойынша тәмәмдап шықты. Скопус (Scopus) мәліметтер базасында 4 мақала, ҚР Білім
және Ғылым министрлігі Білім және Ғылым саласындағы Бақылау комитетінің нұсқауындағы
филологиялық басылымдарда 20-дан аса мақала, отандық және шетелдік халықаралық ғылыми-
теориялық конференцияларда 20 ғылыми мақалалары мен «Қазақ кітаби ақындар мұрасы»
монографиясы мен «Алатау ақындары» ұжымдық монография, «Қазіргі қазақ драматургиясы» атты
оқу құралы жарық жарық көрді.
Еңбек жолын 1998-2005 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы;
2005-2018жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, қазақ әдебиеті
кафедрасының аға оқытушысы; 2021 жылдан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің,
қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, PhD; 2023 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| әл-Фараби атынд.ҚазҰУ | Жоғары | 1998 |
Академикалық дәреже
Ғылыми дәрежесі
1
Сейсенбиева Элеонора Сарсеналиевна
Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесіндегі нарратор қызметі
2023 - г.
6 - стр.
Кыргызско-Турецкий университет «Манас», Бишкек.
2
Сейсенбиева Элеонора Сарсеналиевна
Р.МҰҚАНОВАНЫҢ «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ӘҢГІМЕСІНДЕГІ
НАРРАТИВТІ ҰСТАНЫМДАР
2024 - г.
4 - стр.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ
3
Сейсенбиева Элеонора Сарсеналиевна
Қазіргі қазақ әңгімесіндегі нарратологияның орны
(Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі негізінде)
2024 - г.
4 - стр.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ
Google Scholar
Профиль автора
Автордың құжаттары
0
Цитирования
0 по 0
құжаттар
h-индексі
0
Google Scholar:
Профиль